Открытое ОУД в младшей группе "Балапан" » ГУ "Санаторный ясли сад №145"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№145 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстар бар балаларға арналған арнайы бөбекжай»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші :
+7(727) 294-55-07
Әдіскер :
+7(727) 294-55-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Открытое ОУД в младшей группе "Балапан"
06
қараша
2019

Открытое ОУД в младшей группе "Балапан"

                                     Кіші «Балапан» тобы


Тақырыпша: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қызыл алма

Мақсаты: Алма суретін салуды үйрету. Шеңбер пішінімен таныстыру.Қызыл түспен таныстыру. Табиғатты аялай білуге , қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: алманың суреті, қызыл түсті қарындаштар, әр балаға алма жемісі бейнеленген үлгі сурет.

Әдіс-тәсілдер: айту , түсіндіру, көрсету.

- Балалар,бізге қонақтар келіп отыр бәріміз амандасайық.

Сәлеметсіздер ме?!Тәрбиеші балалармен шаттық шеңбер жасайды. Сәлеметсің бе, алтын күн!Сәлеметсің бе, жер ана!Сәлеметсің бе, достарым,Сендерді көрсем қуанам!Балалар шаттық шеңберге тұрып тәрбиешінің артынан бірге қайталайды.

Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? (күз мезгілі)

Ал, сендер білесіңдер ме ,қыста біз жиі ауырамыз. Себебі біздің ағзамызға дәрумендер жетіспейді. Сол себепті біз жемістерді көп жеу керекпіз. Соның ішінде алманың пайдасы өте зор. (Тәрбиеші балаларға алманың суретін көрсетеді)

Полингвальді компонент: алма-яблоко-apple. Қоянның балаларға қонаққа келуі.Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, көрдіңдер ме мен қандай мықтымын, денім сау.

Қоянжан, себебі неде?

Себебі мен дәрумендерге бай жемістер жеймін.

Ендеше, біздің балалар саған сол жемістің бірі алманың суретін салып берсін. Ол үшін,балалар, біз жұмыс орнымызға жайғасайық. Балалар, алма қандай түсті? Пішіні қандай? Ал енді ,балалар, ауада шеңберді салайық. (Балалардың жауабы)Балалар музыка әуеніне алдарындағы суретті салуды бастайды. Сергіту сәті:Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ,Қосып едім екеуінБолып шықты он саусақ.

Балалар жұмысын аяқтайды. Орындарын жинайды. Ал енді балалар біз салған суретімізді Қоянжанға сыйлайық.

Рахмет, балалар. Менің де сендерге беретін сыйлығым бар. Мынау алманы жеп ауырмаңдар балалар. (Балалар Қоянмен қоштасады.)

Қорытындылау:

Біз бүгін ненің суретін салдық?

-Алманың түсі қандай?

-Алманың пішіні қандай?







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив