«Баланың сөйлеу дамуында ата-ананың белсенділігі мен сабырлығы
Ата-аналар ға кеңес «Баланың сөйлеу дамуында ата-ананың белсенділігі мен сабырлығы маңызды» Логопед: Мусафирова Б.М. Кейбір ата-аналар баланың тілі өз бетімен шығып дамиды деп ойлайды. Баланың тіл дамуы төңірегіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудан шығады, әсіресе ата-анасымен тілдік қарым-қатынас тығыз болу керек. «Менің баламды дұрыс сөйлетіңізші!» деп көп ата-аналар логопедке өз жұмыстарын, өз жауапкершіліктерін сырғыта салғысы келеді. Ал логопед маманы сиқыршы болар ма еді, тез арада