Үйде ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас орнату / Формирование тёплых отношений между родителями и ребёнком дома
Психолог кеңесі
Тақырыбы: Үйде ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас орнату
Ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас – баланың психологиялық дамуының негізі. Үйдегі мейірім, түсіністік пен қолдау баланың өзін қауіпсіз сезінуіне және өзіне деген сенімінің қалыптасуына ықпал етеді.
Жылы қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары:
- Баламен күн сайын сапалы уақыт өткізу (ойнау, сөйлесу, бірге іс-әрекет жасау);
- Баланы мұқият тыңдап, оның сезімдерін түсінуге тырысу;
- Жиі мақтап, жетістіктерін атап өту;
- Қатты сын мен жазалаудан гөрі, түсіндіру мен қолдауға мән беру;
- Отбасылық дәстүрлер қалыптастыру (бірге тамақтану, серуендеу, әңгімелесу);
- Баламен жылы сөздер айтып, құшақтап, эмоциялық жақындық орнату.
Бала ата-анасының махаббаты мен қолдауын сезінгенде, ол ашық, сенімді және бақытты болып өседі. Жылы қарым-қатынас – берік отбасының негізі.
Совет психолога
Тема: Формирование тёплых отношений между родителями и ребёнком дома
Тёплые отношения между родителями и ребёнком — основа его психологического развития. Любовь, поддержка и понимание в семье помогают ребёнку чувствовать себя в безопасности и формируют уверенность в себе.
Как сформировать тёплые отношения:
- Ежедневно проводить с ребёнком качественное время (играть, общаться, заниматься вместе);
- Внимательно слушать ребёнка и стараться понимать его чувства;
- Чаще хвалить и отмечать его успехи;
- Отдавать предпочтение объяснению и поддержке вместо строгой критики и наказания;
- Создавать семейные традиции (совместные ужины, прогулки, разговоры);
- Проявлять ласку: говорить добрые слова, обнимать ребёнка.
Когда ребёнок чувствует любовь и поддержку родителей, он растёт уверенным, открытым и счастливым. Тёплые отношения — основа крепкой семьи.