«Баланың сөйлеуін дамыту үшін үнемі қарым-қатынас жасаңыз» » ГУ "Санаторный ясли сад №145"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№145 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстар бар балаларға арналған арнайы бөбекжай»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші :
+7(727) 294-55-07
Әдіскер :
+7(727) 294-55-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баланың сөйлеуін дамыту үшін үнемі қарым-қатынас жасаңыз»
22
сәуір
2026

«Баланың сөйлеуін дамыту үшін үнемі қарым-қатынас жасаңыз»

Ата-анаға арналған кеңес
Тақырыбы: «Баланың сөйлеуін дамыту үшін үнемі қарым-қатынас жасаңыз»

Мектепалды жастағы балалардың (5–6 жас) сөйлеу тілі қарқынды дамитын кезеңде болады. Бұл уақытта баланың сөздік қоры кеңейіп, сөйлем құрау, өз ойын жүйелі жеткізу дағдылары қалыптасады. Сондықтан ата-ананың баламен күнделікті сапалы қарым-қатынасы – тіл дамуының негізгі шарты.
 
 Неге қарым-қатынас маңызды?
 Бала тек тыңдау арқылы емес, белсенді қатысу арқылы үйренеді. Яғни, ол сұраққа жауап беріп, пікір білдіріп, диалогқа түскен сайын оның сөйлеу қабілеті жетіледі. Үйдегі қарапайым әңгімелердің өзі логопедиялық жұмыстың жалғасы болып табылады.
 
 Ата-анаға практикалық ұсыныстар:
 
 1. Күнделікті өмірді сөзбен сүйемелдеңіз
 Кез келген әрекетті сөзбен түсіндіріп отырыңыз.
 
 2. Ашық сұрақтарды көбірек қойыңыз
 Баланың ойлануына мүмкіндік беріңіз.
 
 3. Баланы мұқият тыңдаңыз
 Сөзін бөлмей тыңдап, дұрыс нұсқасын қайталап беріңіз.
 
 4. Көркем әдебиетпен жұмыс жасаңыз
 Күн сайын кітап оқып, мазмұнын айтқызу маңызды.
 
 5. Сурет бойынша әңгіме құрату
 Балаға өз ойын толық жеткізуге көмектеседі.
 
 6. Дыбыстық мәдениетті дамыту
 Логопед ұсынған жаттығуларды үйде қайталау қажет.
 
 7. Рөлдік ойындарды қолданыңыз
 Диалогтық сөйлеуді дамытады.
 
 8. Гаджеттерді шектеу
 Тірі қарым-қатынас маңызды.
 
 9. Эмоционалды қолдау көрсетіңіз
 Баланы мақтап, қолдап отырыңыз.
 
 Қорытынды:
 Баланың сөйлеу тілін дамыту – ата-ана мен маманның бірлескен еңбегі. Үнемі қарым-қатынас арқылы бала дұрыс әрі анық сөйлеуге үйренеді.
Педагог-логопед: Дүйсенбаева А. Ә.
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив