Открытое ОУД в младшей группе "Балапан"
Кіші «Балапан» тобы
Тақырыпша: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қызыл алма
Мақсаты: Алма суретін салуды үйрету. Шеңбер пішінімен таныстыру.Қызыл түспен таныстыру. Табиғатты аялай білуге , қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: алманың суреті, қызыл түсті қарындаштар, әр балаға алма жемісі бейнеленген үлгі сурет.
Әдіс-тәсілдер: айту , түсіндіру, көрсету.
- Балалар,бізге қонақтар келіп отыр бәріміз амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме?!Тәрбиеші балалармен шаттық шеңбер жасайды. Сәлеметсің бе, алтын күн!Сәлеметсің бе, жер ана!Сәлеметсің бе, достарым,Сендерді көрсем қуанам!Балалар шаттық шеңберге тұрып тәрбиешінің артынан бірге қайталайды.
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? (күз мезгілі)
- Ал, сендер білесіңдер ме ,қыста біз жиі ауырамыз. Себебі біздің ағзамызға дәрумендер жетіспейді. Сол себепті біз жемістерді көп жеу керекпіз. Соның ішінде алманың пайдасы өте зор. (Тәрбиеші балаларға алманың суретін көрсетеді)
Полингвальді компонент: алма-яблоко-apple. Қоянның балаларға қонаққа келуі.Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, көрдіңдер ме мен қандай мықтымын, денім сау.
- Қоянжан, себебі неде?
- Себебі мен дәрумендерге бай жемістер жеймін.
- Ендеше, біздің балалар саған сол жемістің бірі алманың суретін салып берсін. Ол үшін,балалар, біз жұмыс орнымызға жайғасайық. Балалар, алма қандай түсті? Пішіні қандай? Ал енді ,балалар, ауада шеңберді салайық. (Балалардың жауабы)Балалар музыка әуеніне алдарындағы суретті салуды бастайды. Сергіту сәті:Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ,Қосып едім екеуінБолып шықты он саусақ.
- Работы детейн аяқтайды. Орындарын жинайды. Ал енді балалар біз салған суретімізді Қоянжанға сыйлайық.
- Рахмет, балалар. Менің де сендерге беретін сыйлығым бар. Мынау алманы жеп ауырмаңдар балалар. (Балалар Қоянмен қоштасады.)
Қорытындылау:
- Біз бүгін ненің суретін салдық?
-Алманың түсі қандай?
-Алманың пішіні қандай?