3-4 жастағы балалардың сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту » ГУ "Санаторный ясли сад №145"
Коммунальное государственное учреждение
«Специальный ясли-сад для детей с тяжелыми нарушениями речи № 145»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7(727) 294-55-07
Методист :
+7(727) 294-55-07
Версия для
слабовидящих
» » » 3-4 жастағы балалардың сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
15
ноябрь
2021

3-4 жастағы балалардың сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту

3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.

Ана тілінің грамматикалық жағын меңгерту күнделікті өмірде, үлкендермен сөздік қарым- қатынас жасау процесінде іске асады. Тіпті балалардың сөйлеу әрекетінде сөздің синтаксистік тұрғыда қалыптаса бастайтынын арнайы зерттеу, бақылау жұмыстары
дәлелдеп отыр. 3-4 жастағы бала сөзінде жай-жайылма, құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі.
Керісінше бұл жастағы балалар морфологиялық формаларды өте баяу меңгеретіндері байқалады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыздара айтады.

Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға
міндетті.

Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту
сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік,септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т.б ойындар ойнату қолайлы.

Сондай-ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын — артында, үстінде, қасында, ішінде деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда орналастырып баладан сұрау керек. Бала қайда? деген сұраққа жауап бере отырып, заттың кеңістікте орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап»,
«Орнынды тап», деген ойын өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып сұрағанда бала Аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астында,немесе, доп столдың жанында, мысық үйдің үстінде отыр,- деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып сөйлем құрап айтуға үйретуде Әжемнен хат келді.Мен қайттім
(қуандым).Балапан ұшып кетті деген сөздерге Қайдан? Қалай? Неге? деген сұрақтар арқылы балапанның ұшқан жерін, неге ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс.

Суреттер көрсетіп шығармашылық әңгіме құрат. «Бақша ауласында», «Ауылға барғанда не көрдік», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Жидек тергенде», деген
тақырыптарды алуға болады. Мұндайда бақша жағдайын, ауыл шаруашылығы мен табиғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет.

Дидактикалық ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады. Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істейді?» деген ойын ойналады. Мұндайда балалар

әр мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе тәрбиеші айтқан сөздерге сөйлем құрайды.

Бала тіліне образды сөздерді қалыптастыру үшін оқу жылының екінші жартысынан бастап арнайы лексикалық жаттығулар жүргізіледі. Ол үшін «Сипатталған затты тап» (жасыл,
бұйра, түрі ақ), «Қайсысы қалай дыбыстайды», «Мына заттар туралы сипаттап айт» ойындары пайдаланылады.

Балалардың сын есімдерді (салыстырмалы, күшейтпелі, шырай түрінде), сөйлеу процесінде үстеулерді қолдана білуге (жоғары – төмен, кеңірек – тарырақ, ұзын — өте ұзын, кең — өте кен ) жаттықтыру керек.

«Кім көрген?», «Дәл тауып айт», «Кім саққұлақ?», «Кім жақсы айтады?» деген ойындар ойнату тиімді.

Тәрбиеші өзінің іс жоспарында ойын аттарын, сөздік материалдарының тақырыптарын көрсетуі керек. Мысалы, «Бұл кім?» деген дидактикалық ойында бала әр түрлі мамандық иелері жөнінде айтуы берулері тиіс. «Менің ойлағанымды тап» деген дидактикалық ойын балалардың сөзге белсенділігін арттырып, тапқырлыққа үйретеді. Мұндайда сөйлесу тақырыбы – домжануарлары мен жабайы аңдар, бөлмедегі, бақша алаңындағы
ойыншықтар мен мүліктер, өсімдіктер, көлік түрлері жайлы болғаны жөн.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив